Астанада ҚР СІМ автомашинасының қатысуымен болған ЖКО тексерілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше кешкі сағат 17:00 шамасында елорданың Ағыбай батыр көшесінде екі машина соқтығысқан жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады Астана қаласының ІІД баспасөз қызметі.

Астанада ҚР СІМ автомашинасының қатысуымен болған ЖКО тексерілуде

«Ағыбай батыр көшесіндегі үйдің ауласынан шығып келе жатқан «Фольксваген Пассат» автомашинасының жүргізушісі Ағыбай батыр көшесінде Бөкейхан көшесінен Республика даңғылына қарай қозғалып бара жатқан «ҚР СІМ шаруашылық басқармасы» РМК-нің «Мерседес Бенц» маркалы автомашинасымен соқтығысып қалды», - делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан ешкім де зардап шеккен жоқ. Оқиғаның себептері анықталуда. Бұл факт бойынша тексеру жүргізілуде, деп нақтылады елордалық ІІД.