Астанада ҚР Тәуелсіздік күніне орай 20 мың теңгеден әлеуметтік көмек көрсетіледі

АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанада Тәуелсіздік күніне орай 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқандарға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан хабарлады.

Астанада ҚР Тәуелсіздік күніне орай 20 мың теңгеден әлеуметтік көмек көрсетіледі

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай жергілікті бюджет қаржысы есебінен 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқандардың ішінен оқиғалар кезінде қасақана кісі өлтіргендер мен милиция қызметкерінің, халық жасақшыларының өміріне қастандық жасағандардан басқа (оларға қатысты қазіргі қылмыстық істерді қайта қарау тәртібі сақталады) саяси қуғын-сүргін құрбандарына 20 мың теңге көлемінде бір реттік ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек көрсетіледі», - делінген хабарламада.  

Сонымен қатар, Тәуелсіздік күніне орай елордалық ведомстволарға қарасты мекемелерде қарттарға, тұрақты тұратын орны жоқ тұлғаларға, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады.