Астанада ҚР Терроризмге қарсы орталығының қорытынды отырысы өтті
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының қорытынды отырысы өтті. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен хабарлады.
Кеңесте 23 мемлекеттік органдардың жетекшілері және аумақтардың басшыларымен жергілікті терроризмге қарсы комиссияның іс-қимылын ұйымдастыру, сондай-ақ олардың діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша шараларды жетілдіру мәселелері талқыланды. Астана, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.
Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының басшысы - ҰҚК Төрағасы Н.Әбіқаев ТҚО-ның ағымдағы жылғы жұмыс нәтижесін қорытындылап, келер жылға міндеттерді белгіледі.
Отырысқа қатысушылармен ТҚО-ның 2014 жылға арналған жұмыс жоспары мақұлданды.