Астанада ҚР Тұңғыш Президентінің күніне орай дизайн фестивалі өтеді

АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - 26 қарашада Бейбітшілік және Келісім сарайында ҚР Тұңғыш президентінің күніне арналған «Дизайн апталығы Астана 2013» фестивалі ашылады. Бұл туралы astana.kz сайтына «Құланшы» қазіргі заманғы өнер орталығынан хабарлады.

Астанада ҚР Тұңғыш Президентінің күніне орай дизайн фестивалі өтеді

Фестиваль аясында «ХХІ ғасыр технологиясы» республикалық көрмесін өткізу жоспарланған, онда қала мен заманауи технологиялар тақырыбы қозғалады. Сонымен қатар, «Идеядан реализмге дейін» көрме байқауында белгілі дизайнерлер мен өндірістік компаниялар туындыны жасаудың шығармашылық барысымен таныстырады. Бұдан басқа, «Орта» және «Зат» аталымдары бойынша «Өзекті дизайн» жас дизайнерлер байқауы ұйымдастырылады, аталған іс-шара адам өмірінің барлық спектрі мен қызметін қамтуға мүмкіндік береді. Ал халықаралық «Қала мен дизайн» көрмесінде елорда тұрғындары мен қонақтары құрылыс пен аумақты абаттандырудың үздік дизайнын тамашалайды. Мұнымен қоса, көрме қалалық орта дизайнына, қазіргі заманғы құрылыстың сапасы мен әсемдігіне қоғамның назарын аудармақ.

Айта кетейік, фестиваль аясында түрлі бағыттағы кәсіби және жас дизайнерлер, сәулетшілер, қала салушылар, сондай-ақ, елімізде индустрия және құрылыс салаларында жаңа технологиялар ұсынатын компанялар бас қосады.

Еске салайық, фестиваль 26-28 қарашада Бейбітшілік және Келісім сарайында өтеді.