Астанада ҚР ТЖМ V Қысқы спартакиадасы басталды

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - 21 ақпанда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.Смайыловтың қатысуымен V Қысқы спартакиадасы салтанатты түрде ашылды.
None
None

Бұл туралы Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Жарыс 21 және 22 ақпанда Астана қаласы ТЖД спорт кешенінде өтеді. Спартакиадаға 18 команда қатысады, бұл 300-ден астам қатысушылар - аймақтық бөлімшелердің қызметкерлері, ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институты, «Өрт сөндіруші» АҚ өкілдері.

V қысқы Спартакиада бағдарламасында: шаңғы, үстелүсті теннисі, шахмат, волейбол, өрт сөндіру-құтқару спорт түрлері болады.

Спартакиаданың басты мақсаты министрлік қызметкерлерінің дене дайындық дәрежелерін нығайтып, салауатты өмір салтын, жаппай спортты, кәсіби спорт түрін дамытып, республикалық және әлемдік жарыстарға ең үздіктерді іріктеп алу болмақ.

Соңғы жаңалықтар