Астанада ҚР Ұлттық ұланына арнап салынатын жаңа әуе базасының құрылысы басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда іргесіндегі Астана халықаралық әуежайының маңында ҚР Ұлттық ұланына арнап салынатын жаңа әуе базасының құрылысын бастауға арналған салтанатты шара өтіп, нысан басында ауқымды жұмыстарға жолашар естелік капсула қойылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
None
None

Маңызы бөлек шараға Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов, атқарушы билік органдарының басшылары мен өкілдері, ардагерлер қауымы мен Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының басшы құрамы қатысты.

Бүгінгі таңда Ұлттық ұланның әуе базасы (3656 әскери бөлімі) Алматы облысы Боралдай кентінде жалға алынған жер телімінде орналасқан. Боралдай әуежайының радиотехникалық мүмкіндіктері көлік кемелеріне ауа-райының күрт бұзылған қиын мезгілдерінде, сондай-ақ түнгі уақытта және ұшақ сипаттамаларына сай жүк тасымалын лайықты жүргізіп, ұшып-қонуға мүмкіндік берме алмай келеді.

Осы жайттарға орай Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұлан қолбасшылығы тарапынан әуе базасын Астана іргесіне көшіру туралы шешім қабылданды. Бүгінгі таңда жаңа құрылыс нысанын салуға арналған бірінші кезекті құрылыс-жобалау жұмыстары басталып кетті. Ал құрылысты келесі жылдың соңына дейін толықтай аяқтау жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар