Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада Кравцов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Кравцов көшесінде 19-22 тамыз аралығында көлік қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматыда ірі жолайрық жөндеу жұмыстарына жабылады
Фото: Әділет Бірімқұлов/ Kazinform

Биылғы жылдың 19 мен 22 тамыз аралығында А. Кравцов көшесі бойынша Ш. Уәлиханов көшесінен Ж. Ташенов көшесіне дейінгі учаскеде жоғарғы қабатын салу жұмыстары жүргізіледі. 

— Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз, — делінген хабарламада.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. 

Астанада Кравцов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Фото: Астана әкімдігі

Бұдан бұрын елордада Ұлы Дала даңғылынан Сығанақ көшесіне дейінгі учаске уақытша ішінара жабылатыны айтылды.