Астанада «Крещение Господне» мерекесіндегі рәсімге 9 мыңға жуық адам қатысты (ФОТОРЕПОРТАЖ)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін православ христиандары «Крещение Господне» мерекесін атап өтуде. Құзырлы органдардың мәліметі бойынша, 18 қаңтардың кешкі сағат 22:00 бастап, 19 қаңтардың таңғы сағат 10:00 дейін 7 мыңға жуық адам суға түсті, деп жазады astana.kz.
None
None

Бүгін сағат 9:00-14.00 аралығында бұл көрсеткіш 2 мыңға артқан. Келесі жаппай суға түсу кезеңі сағат 17:00 басталады. Жыл сайын аталған мереке кезінде Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің суда құтқару қызметі күшейтілген режімде жұмыс істейді. Қала әкімдігі бекіткен суға түсу аймақтарында Суда құтқару қызметінің мамандары екі ауысымда кезекшілік етеді. Сонымен қатар, Апаттар медицина орталығының арнайы көлігі мен Денсаулық сақтау басқармасының реанимациялық көлігі де тартылады.

Соңғы жаңалықтар