13:08, 13 Ақпан 2009 | GMT +5
Астанада Куба апталығы өтеді
АСТАНА. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат - Ақпанның 16-сында Астанадағы Қазақтың гуманитарлық заң университетінде Куба мәдениетінің апталығы басталады.
Бұл шараға оқу орнының студенттері мен Кубаның Қазақстандағы Елшілігі ұйытқы болып отыр, деп хабарлады ҚазАқпаратқа «Астана» медиаорталығынан. Бірінші күні Куба мәдениеті күндерінің және көрме залының ашылу рәсімдері өтеді. Ал ақпанның 17-сінде студенттер Куба табиғаты туралы фильмді тамашалайды, сондай-ақ елшіліктің бірінші хатшысымен кездеседі. Ақпанның 18-інде «Фидельді іздеу» фильмі көрсетіледі және студенттердің талқысына ұсынылады.