12:53, 03 Қазан 2017 | GMT +5
Астанада кубик құрастырудан халықаралық чемпионат өтеді
АСТАНА.ҚазАқпарат - Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі 8 қазан күні кубик-рубик құрастырудан халықаралық деңгейдегі «Kazakhstan Open 2017» ашық чемпионатын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Дүниежүзілік Кубик қауымдастығының (WCA) мәліметтеріне қарағанда, бұл қазақстанда WCA аясында өтетін алғашқы ашық чемпионат болып отыр. Байрақты бәсекеде әлемнің 7 елінен келген 126 қатысушы кубик-рубик құрастырудың 5 түрінен бақ сынайды. Олардың қатарында әлемдік додада топ жарып жүрген 11 тәжирбелі ойыншылар бар.
Айта кетейік, бұл бәсекеда әлемдік додаларда сан мәрте топ жарған отандасымыз Жанайдар Ұзақов ел намысын қорғайтын болады. Сондай-ақ, 115 қазақстандық кубик-рубик құрастырушылары әлемдік деңгейдегі бәсекеге алғаш рет қатысуыға мүмкіндік алып отыр.