Астанада құбырлардың жарылуы салдарынан бірнеше үй мен Жылу электр орталығы сусыз қалды

АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - «Астана су арнасы» жүйесіндегі құбырлардың тозығы жетуі салдарынан елордада бірнеше үй мен Жылу электр орталығы сусыз қалды.

Астанада құбырлардың жарылуы салдарынан бірнеше үй мен Жылу электр орталығы сусыз қалды

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, құбырдың жарылуы қыркүйектің 7-сі күні таңертеңгі 10 сағат 15 минутта Алматы ауданына қарасты Спецмонтажная көшесінде болды. Салдарынан Угольная, Литейная көшелері, Кирпичный тұрғын алқабы мен 1-ші Жылу электр орталығы сусыз қалды.

Төтенше жағдайды жоюмен «Астана су арнасының» 10 адамы мен 4 техникасы айналысуда.