17:38, 12 Наурыз 2009 | GMT +5
Астанада құқықтану негіздері бойынша I республикалық олимпиаданың жеңімпаздары марапатталды
АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін Қазақ гуманитарлық заң университетінің ғимаратында құқықтану негіздері бойынша I республикалық олимпиаданың жеңімпаздары марапатталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Екі күнге созылған аталмыш шараны ҚР БІлім және ғылым министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы және Қазақ гуманитарлық заң университеті ұйымдастырып отыр. Олимпиаданың негізгі мақсаты ? кәсіби құқықтық білім берудің маңыздылығын күшейту, оқушылардың құқықтық мәдениетін дамыту және неғұрлым заңтану бағдарындағы шығармашыл жастарды анықтау болып табылады. Жастар арасындағы жарысқа білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың, дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты.Қазылар алқасының шешімімен 3-ші орын Петропавл қаласының оқушысы ? Асхат Гумировқа, Қостанай қаласының оқушысы ? Сырым Орынбасарға, Қызылорда қаласының оқушысы ? Гүлзат Әбжаппароваға берілді, 2-ші орын Ақтөбе облысынан қатысқан Руслан Ізбасаров пен Павлодар қаласынан Арман Қаждаровқа бұйырса, 1-ші орынды Қостанай қаласындағы физика-математикалық лицейінің оқушысы Денис Боровской иеленді.«Бұл осы шаңырақта алғаш рет ұйымдастырылып отырған шара. Мен бүгінгі жеңімпаздарымыздың арасында елімізге танымал болатын заңгерлер бар шығар деп ойлаймын. Сондықтан, бұл байқаудың болашақта құқықтық тәрбиелеуде маңызы өте зор. Мен бірқатарың осы заңгерлік мамандықтың келешекте ең алдыңғы, үздіктер қатарында жүреді деген ойдамын», - деді Қазақ гуманитарлық заң университетінің президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор Мақсұт Нәрікбаев.