Астанада құлақтандыру жүйелері тексеріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең 9 наурызда сағат 9.00-де Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 2 минут бойы теле-радио арналарды ұстап қалумен, электродабылдарын қосу арқылы Астана қаласының құлақтандыру жүйелері тексеріледі. Аталмыш тексеру жоспарлы болып табылады және ай сайын жүргізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты .
«Еске саламыз, төтенше жағдай орын алған кезде немесе төтенше жағдайдың орын алуына қауіп төнген кезде электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол «Баршаңыздың назарына!» бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді. Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар міндетті түрде қолайлы ақпарат қабылдау құралдарын (Хабар, Қазақстан, Евразия бірінші арна, Астана, КТК, НТК- теледидарларын; Астана FM, Шалқар, Ретро FM, Авторадио, Қазақ радиоларын) іс-әрекеттер туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін қосулары керек», делінген хабарламада.
Астана қаласының ТЖ департаменті қала тұрғындарын сабырлық сақтауға, үрейленбеуге шақырады.