Астанада қулықпен пайда тапқан таксистер жұмыстан шығарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық тасымалдаушылар қауымдастығының төрағасы Медет Құрманов «ASTANA TAXI» қызметіне айтылған шағымдарға қатысты жауап берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Facebook» қолданушысы Арман Әбдірасылов әлеуметтік топтардың бірінде есептегішпен жұмыс істеуді қаламайтын Бірыңғай такси қызметі жүргізушілеріне шағымданған болатын. Ол жазбасында есептегіштің тіпті жоқтығын алға тартқан.

«Айтылған фактілердің тіркелуі әбден мүмкін. Бұл біздің атқарып жатқан жұмыстарымызға қайшылық тудырады. Жалпы алғанда, біз бүгін ASTANA TAXI жұмысында кемшіліктердің бар екендігін мойындаймыз. Сондықтан да қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар күн сайын жүргізіледі», - деп жауап берді Медет Құрманов.

Оның айтуынша, жүргізушілер компанияның ережелері мен талаптарын өз бетінше елегісі келмей, тарифті қымбаттатып, таксометрлерді қоспай жатады.

«Оларды жұмыстан босатуға дейінгі қатаң шаралар қолданылады, бірақ барлық клиенттердің ойы бір жерден шықпауы да мүмкін. Ал кейбір клиенттердің өздері белгіленген тариф бойынша жүруді қалайды. Мұндай фактілер анықталғаннан кейін бірден хабарлануы керек», - деді Құрманов.

Астана қалалық тасымалдаушылар қауымдастығының төрағасының айтуынша, бүгінгі таңда Бірыңғай такси қызметінде 8 таксомоторлық компания бар, сондықтан жүргізушілерге бақылауды таксопарктердің өздері жүргізеді.

Бұған қоса Құрманов басқалардан гөрі ресми тасымалдаушылардың қызметі неліктен қымбат екенін түсіндірді.

«Біріншіден, ол қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын талап етуге болатын, Әділет департаментінде тіркеліп, жолаушыларды тасымалдау үшін рұқсат алған нақты компания болып табылады. Жолаушылар жол апаты тіркелген жағдайда (денсаулығына немесе құнды заттарына келтiрiлген зиян үшін өтемақы ала алады) сақтандырылған. Такси орталығында пайдаланғанына 2-5 жыл болған көліктер қызмет көрсетеді» - дейді Медет Құрманов.

Айта кетерлігі, «ASTANA TAXI» бірыңғай такси қызметі 2017 жылдың мамыр айында енгізілген. Қызмет жеке компаниялардың инвестициялары мен Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік қолдау есебінен жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар