Астанада күн 22 градусқа дейін жылиды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 26-28 қыркүйек күндері Астанада болатын ауа райы туралы болжамын жариялады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанада күн 22 градусқа дейін жылиды

Синоптиктердің мәліметінше 26 қыркүйекте күн бұлтсыз, жауын жаумайды. Көшпелі жел секундына 1-6 метрге дейін жылдамдықпен ұйытқиды. Температура түнде +6...+8 °С, күндіз +20...+22 °С.

Бейсенбі, 27 қыркүйекте көшпелі бұлт байқалады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +20...+22 °С, түнде +6...+8 °С құрайды. Жел шығыстан 2-7 м/с соғады.

Жұма, 28 қыркүйек, көшпелі бұлт, арасында найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Температура түнде +8...+10 °С, күндіз +20...+22 °С.