Астанада күн +35 градусқа дейін ысиды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті елорда тұрғындары мен қонақтарын күннің ерекше ыситындығы туралы ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«17 маусым күні Астанада күн 33-35 градусқа дейін ысиды. Күндіз 17 маусым күні Ақмола облысында 31-36 градус ыстық болады»,-делінген хабарламада.