Астанада күн күрт суытып, қатты жел соғады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордаға циклон келе жатыр. Осыған қарай Астанада ауа температурасы күрт төмендейді, деп хабарлады бүгін елорда әкімдігінің медиа орталығы.
None
None

«Қазгидромет орталықтың» хабарлауынша, 5 қыркүйек Астанада найзағай ойнап, бұршақ жауып, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр болатын қатты жел еседі деп күтілуде.

Ауа райы 6-7 қыркүйек күндері күрт салқындайды деп болжануда.

Синоптиктер бүгін сағат 18:00-дар шамасында РФ Уфа қаласынан циклон Қостанай облысына таяғанын нақтылады. Ары қарай шығыс бағытында Ақмола облысының батысына ойысты. 5 қыркүйек таңертең 06:00-де Ақмола облысының батыс бөлігіне жылжиды. Сол себепті жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.

Жаңбырдың көп мөлшерде түсуіне байланысты елорда көшелерін, жеке тұрғын үй секторларын, жерасты өткелдерін су басуы ықтимал, сондай-ақ желдің екпіні қатты болатындықтан ағаштар құлауы мүмкін. Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Астана басшылығы елорда тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік шараларын барынша мұқият сақтауға шақырады және күтпеген жерден төтенше жағдай орын алған жағдайда, 109 қалалық бірыңғай қызметіне дереу хабарласуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар