Астанада күн сайын 40 адамнан қызылша анықталады
АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы Астана қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова айтты. Қызылшамен ауырған 152 баланың 92%-ы екпе алмағандар.
Оның сөзінше, жыл басынан бері Астанада қызылшаның 576 бастапқы және 216 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 152 жағдай.
«Күніне қызылшаның 40-қа жуық жағдайы тіркеледі, сол себепті елордадағы қызылшаға қатысты жағдай әлі де шиеленісе түсуде. Айта кету керек, 152 науқасқа шалдыққан баланың ішінен 92 пайызы қызылшаға қарсы вакцина алмаған, олардың ата-аналары қызылшаны жоюға қол жеткізу және қолдау жолында айтарлықтай кері ықпалын тигізуде", - деді спикер.
Оның мәліметінше, науқастардың ішінде қызылшаға қарсы екпе алғандар тек 6 пайызды құрайды, ал вакцинация мәртебесі белгісіз науқастар 26 пайыз.
"Қызылшаның таралуын болдырмау үшін топтық иммунитетінің жалпы көрсеткіші бүкіл халық арасында 85-90 пайыздан кем болмауы керек екенін тағы да еске саламын. Осыған байланысты ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес, вакцина алмаған балаларды анықтау жұмыстары жалғасып жатыр. Осылайша 1 және 6 жаста қызылшаға қарсы егілмеген 7-18 жас аралығындағы анықталған 13 000 баланың 10 371-і иммунизациямен қамтылды, бұл 79,8 пайызды құрайды", - деп атап өтті Сархат Бейсенова.
Ол 2023 жылы 6 қарашадан бастап ағымдағы уақытқа дейін қосымша жаппай иммундауға жататын контингенттің, яғни 121 000 адамның 67 168-і егілгенін жеткізді. Бұл 55,5 пайызды құрайды. Оның ішінде, 6 айдан 10 ай 29 күндік вакцинациналауға жататын 24 000 баланың 9 363-і немесе 39 пайызы екпемен қамтылды.
Айта кетейік, 2-4 жастағы вакцинациялауға жататын 78 000 баланың 41 922-сі немесе 53,7 пайызы екпе алды. Сонымен қоса, вакцинация алуға жататын 6000 медицина қызметкерінің 5512-сі немесе 91,9 пайызы вакцинацияланған.