Астанада күн суытады

АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Елордада алдағы күндері күн суытуы ықтимал. Бұл жайында елорданың ресми сайты хабарлап отыр.
None
None

«Астанада 17-18 қазанда күн райы бірте-бірте суытады. Ауа температурасы түнде 0 -2 градусқа дейін төмендеп, күндіз +5 - +7 градус шамасында болады. Осы күндерде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал», - деп хабарлайды «Қазгидромет» РММ инженер-синоптигі Мақпал Ботаева.

Ақмола облысының жекелеген аудандарында қар жауып, ауа температурасы - 7 градусқа дейін төмендейтіндігі туралы ескерту жариялануда.

Соңғы жаңалықтар