Астанада күн жауын-шашынды болады - Қазгидромет

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Астанада күн суық болады, өткінші жаңбыр жауады. Синоптиктердің болжамынша, аптаның екінші жартысында ауа райы суытып, жауын-шашынды болады. Түнде ауа температурасы -1+2°C, күндіз +3+10°C деңгейіне жетеді.
None
None

«Бейсенбі күні елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 14 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -1-3°С, күндіз +7+9°С болады», - деп хабарлады astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК.

Апта соңында (жұма күні) күн ала бұлтты болады, жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 0,+2°C, күндіз +8+10°C-ге жетеді.

Сенбі күні синоптиктердің болжамынша көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертң жауын-шашынды болады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -1-3°C, күндіз +3+5°C болады.

Соңғы жаңалықтар