Астанада күнделікті 886 автобус халықты тасымалдап жүр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қалалық City Transportation Systems (CTS) көлік компаниясы автобус қозғалысы туралы түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Қалада әсіресе таңертең қоғамдық көліктің қозғалысы бақыланбайды. Жолаушылар кептеліс кезінде қосымша автобус шығаруды сұрап жатады. Бұл мәселені қалай шешуге болады?», - деген сауал жолдады ҚазАқпарат тілшісі аталған мекемеге.

Көлік компаниясы таңертең және кешкі уақытта мүмкіндігінше жиі қозғалыс интервалымен барлық автобустың жолға шығатынын жеткізді.

Ал аралық уақытта (түскі уақыт) жүргізушілер үшін қарастырылған көлік құралдарының техникалық тоқтап қалуына байланысты қозғалыс аралығы аздап артады (тамақтану, санитарлық гигиена және тағы басқа).

«Бүгінде қала бойынша күнделікті 886 автобус қатынайды. Оның ішінде 802 маршрут қала ішінде және 84 автобус қала маңына жүреді. Өткен жылы 6 жаңа маршрут іске қосылып, 20 қоғамдық көліктің жүру кестесі жақсартылды. 31 көше мен 18 аудан бойынша қоғамдық көлік мәселесі шешілді. Одан бөлек 9 маршруттағы жылжымалы құрам жаңартылып, өзгерту және жаңа маршруттарды іске қосу есебінен қалалық көліктік қызмет көрсетуді қамту ұлғайтылды»,- деп жауап берді CTS баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар