Астанада Құрбан айт мерекесіне орай құрбандық шалынатын орындар белгіленді
Елорданың ресми сайтының мәліметіне қарағанда, құрбандық малдарын сатып алу және сою «Алтын таға» мал базарында («Астана-Қосшы» тас жолы бойында), сондай-ақ, «Пищекомбинат-Астаналық плюс» ЖШС (М. Дулатұлы көшесі, 191), «Нұрбереке - 555» ЖШС («Көк» базары), Алаш тас жолы, 30, «Шаумен» шаруа қожалығы, («Астана-Софиев тас жолы» - 9 шақырым), «Темеш» шаруа қожалығы («Астана-Софиев тас жолы» - 7 шақырым), «Мақсат 2007» ЖШС, «Теміржолшылар» тұрғын үй алабы (Ақжар көшесі, 20) мекен-жайларында ғана жүргізіледі.
Құрбан айт күндері автобус бағыттары да ұзартылмақ. №27 қалалық автобусының жүру кестесі «Нұр-Астана» мешітінен (Қабанбай батыр көшесі, 21) бастап - «Алтын таға» базарына дейін жалғасады.
«Әзірет Сұлтан» мешітінен (Тәуелсіздік көшесі мен Р. Қошқарбаев көшелерінің қиылысы) «Нұрбереке - 555» («Көк» базары) ЖШС-не дейін, (Алаш тас жолы, 30) арнайы екі автобус қатынайтын болады. (Автобустың қозғалыс кестесі: Тәуелсіздік көшесінен Алаш тас жолына дейін).
Тағы бір атап айтарлығы, Астана қаласы әкімдігінің шешімі бойынша, құрбандық малдарын сату және союға арналған арнайы орындардан бөлек, балалар ойнайтын алаңдарда, үй аулаларында құрбандық шалуға қатаң тыйым салынады.