Астанада құрбандық шалуға арнайы орындар бөлінді

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Астана әкімдігі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында құбандыққа шалынатын малдарды сату және сою, тарату шаралары арнайы рұқсат етілген орындарда өткізіледі. Биыл елордада Құбан айт намазы 15 қазан таңғы сағат 8-ден 10 минут кеткенде басталады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай Өтпенов айтты.
None
None

«Тазалықты сақтау мақсатында әкімдік арнайы орындарды бөлді. Сондықтан да құрбандық малын осы орындарда шалуға шақырамыз», - деді Бас имам.

Атап айтқанда, құрбандық малын сатып алу және сою шаралары «Алтын таға» мал базарында «Астана-Қосшы» тас жолы бойында), «Пищекомбинат-Астаналық плюс» ЖШС (М. Дулатұлы көшесі, 191), «Нұрбереке 555» ЖШС (Көк базар), «Шаумен» шаруа қожалығы (Астана-Софиевка тас жолының 9-шақырымы), «Темеш» шаруа қожалығы, «Мақсат 2007» ЖШС, «Теміржолшылар» тұрғын алабы аумағында іске асырылады.

Осы орайда Н. Өтпенов қала ішіндегі аумақта, мешіт маңында, көп қабатты тұрғын аулаларында құрбандық малдары сатылмайтынын және сойылмайтынын айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар