Астанада Құрманғазыға ескерткіш орнату мәселесі көтерілуде

АСТАНА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мәжіліс депутаты Гүлнәр Сейтмағамбетова қараша айында Үкімет басшысына сауал жолдаған болатын.
None
None
Онда депутат ел мәдениетін дамытудағы Құрманғазының рөлін айта келіп, Елордада күйшіге ескерткіш орнату мәселесін көтерді. Енді депутат сауалына Үкімет басшысынан жауап келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Депутат Г.Сейтмағамбетова өз сауалында: «Қазақтың аспапты музыкасын өркендетуге шексіз үлес қосқан күйші Құрманғазы Сағырбайұлының шығармалары 1 жарым ғасырдан астам уақыттан бері сахнадан түспей келеді. Оның шығармалары тек Қазақстанның ғана емес, дүние жүзінің небір аты-шулы сахналарының да төрінен ойналып, талай елдің көрермендерінің қошаметіне бөленіп, қазақ деген халықтың өнеріне талайды тамсантты. Оның аса бай күй мұрасы күні бүгінге дейін небір салтанатты мерекелердің, той-жиындардың сәні де мәні. Кезінде академик Ахмет Жұбанов Мәскеудегі Ленин атындағы көпшілік кітапханасынан, Санкт-Петербургтегі Салтыков-Щедрин атындағы кітапханадан ұлы күйші туралы көптеген деректер тауып, жеке кітап етіп жарыққа шығарды», ? дей келіп, Құрманғазының шығармалары сахнадан түспей келе жатқанмен, ұлы күйшімізге осы уақытқа дейін не Алматыда, не Астанада ескерткіш орнатылмағанын жазады.«Астана ? күллі қазақ елінің жүрегі. Халқымызға рухани күш беретін орталық та Астана. Біздің ұлттық құндылықтарымыздың да орталығы ? Астана. Олай болса, осындай орталықта күй атасы ? Құрманғазының ескерткіші тұрса, ұлттық өнерді қастерлеудің тамаша бір үлгісі болар еді деген ұсынымызды айтқымыз келеді», ? деп депутат мәселе көтерді.Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтен келген жауапта Қазақстан Үкіметі Астана қаласында Құрманғазы Сағырбайұлына ескерткіш орнату туралы депутаттық сауалды қолдайтынын мәлімдеген.Одан әрі Үкімет басшысының жауабында: «Аталған ұсынысты Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында қарау жоспарланып отыр. Тиісті мемлекеттік органдарға Мемлекеттік комиссияның оң шешімі болған жағдайда Астана қаласында Құрманғазы Сағырбайұлына ескерткіш орнату үшін қаржылық шығыстарды 2011-2012 жылдардың бюджетін дайындау кезінде қарастыру тапсырылды», ? делінген.
Соңғы жаңалықтар