Астанада құрылатын жаңа университеттің аясында жаңа 3 ғылыми орталық болады

АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Айбын Бақытұлы/ - Елбасы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында болашақ экономиканың секторларына жекелей тоқтала келіп, оның негізі тиімді жұмыс істейтін нәтижелі ұлттық инновациялық жоба болуы тиістігін атап көрсетті,

Астанада құрылатын жаңа университеттің аясында жаңа 3 ғылыми орталық болады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізде белгілі бір нәтижелер бар. Бірақ, біз одан әрі ілгерілеуіміз керек. Астанада құрылатын жаңа университеттің аясында жаңа 3 ғылыми орталық болады. Біріншісі - өмір туралы ғылым орталығы. Ол әлемдік ғылыми орталықтармен бірлесіп, жасанды өкпе, жүрек, жасуша секілді органдарды трансплантациялау мәселелерімен айналысады. Екіншісі - энергетикалық зерттеулер орталығы, ол қайта қалпына келетін энергетика, физика, жоғары қуат техникалары мәселелерімен айналысады. Үшіншісі - дисциплинарлық-инструменталдық орталық, инженерлік орталық, зертханалық база және конструкторлық бюро қызметін атқарады. Аталған үш орталық та биыл құрылады және онда әлемге танымал мамандар жұмыс істеуі тиіс», - деді Елбасы.