Астанада құрылыс алаңында биіктіктен құлаған жұмысшы қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 наурыз күні сағат таңертеңгі 11-лер шамасында Астана қаласында жүріп жатқан құрылыста екі метрге жуық биіктіктен «Базис-А» ЖШС жұмысшысы 1987 жылы туған А.Жанадыров құлап, түрлі жарақаттар алған.
None
None

Ол Сарайшық және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы салынып жатқан қонақ үй құрылысында жұмыс істеп жүрген. Зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілді.

Ал, Алматы ауданындағы ТЭЦ-2 аумағындағы жаңадан салынып жатқан ғимараттан құлаған жұмысшы өкінішке орай, оқиға орнында қаза тапты. «ЦентрКазЭнергоМонтаж» АҚ жұмысшысы 1971 жылы туған Н.Біләлов монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде 16 метр биіктіктен құлап кеткен. Сондай-ақ Сарыарқа ауданындағы сұрыптау паркінде кеше сағат 20.55-те вагондарды тіркеу кезінде 1992 жылы туған К.Зият аяғынан жарақаттанып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар