Астанада құрылыс алаңында жұмыскер жарақат алды
АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астана қаласының Алматы ауданындағы «Хайвил» тұрғын үй кешенінде жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында «Вил ДОМ» ЖШС-нің 21 жастағы жұмыскері 6 метрлік биіктіктен құлап, жарақат алды. Жұмыскер ауруханаға жеткізілді.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарланды.