Астанада құрылыс компаниясы басшыларына қатысты қылмыстық іс тергелуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Ішкі істер департаментінде «HМ-Астана Құрылыс» ЖШС жетекшілері Марат Жағыпаров пен Балғабай Шəкіровқа қатысты қылмыстық іс тергелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанада құрылыс компаниясы басшыларына қатысты қылмыстық іс тергелуде

Аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес,   олар «Арыстан» ТК құрылысына инвесторлардан алдау жолымен аса ірі көлемде ақшалай қаражат жинап алып, құрылысты аяқтамай, ақшаны талан-таражға салған.

«Астана қалалық ІІД М.Жағыпаров пен Б.Шəкіровтың әрекетінен зардап шеккендерді қалалық ІІД тергеу басқармасына келулерін (Бейбітшілік, 19), немесе мына телефон нөміріне 8(7172) 71-60-19,  102 хабарласуын сұрайды», - делінген ақпаратта.