Астанада құрылыс нысанынан құлап, жұмысшы мерт болды

ТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - Астанада жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешенінде биіктіктен құлап, жұмысшы мерт болды.

Астанада құрылыс нысанынан құлап, жұмысшы мерт болды

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Оқиға 14 қазан күні түсте, Иманов пен Бейсекбаев көшелерінің қиылысында құрылысы жүріп жатқан «Гранитный» тұрғын үй кешенінде болды. Нысанның 8-ші қабатынан құлаған «Сапи» жеке кәсіпкерліктің 40 жастағы сылақшысы тілге келместен көз жұмды.