09:16, 08 Шілде 2010 | GMT +5
Астанада құрылыс нысанында бір жұмысшы лифті астында қалып қойып, мерт болды - ТЖМ
СТАНА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат - Астана қаласында құрылыс нысанында бір жұмысшы лифті астында қалып қойып, мерт болды.

«Шілденің 7-сі күні 15 сағат 7 минутта Есіл ауданындағы Қонаев көшесінде салынып жатқан «Сулы-жасыл бульвар» Әкімшілік-тұрғын үй кешенінің шахтысында жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында «Қазинтерлифт» ЖШС-ның 25 жасар механигін лифті басып қалды. Алған жарақаттардан азамат сол орында көз жұмды», делінген Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан хабарламада.