Астанада құрылыс жұмыстары кезінде бетоншы бесінші қабаттан құлап кетті

АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат - Астана қаласының Алматы ауданында Қ. Мұңайтпасов көшесінің бойында салынып жатқан «Жастар» дәмханасында 7 маусым күні сағат 11.02-де құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Ақмола құрылыс материалдары» ЖШС-нің 32 жастағы жұмысшысы 5-ші қабаттан 4-ші қабатқа құлап кетті.

Астанада құрылыс жұмыстары кезінде бетоншы бесінші қабаттан  құлап кетті

 Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

 Зардап шеккен ер адам ауруханаға жеткізілді.