Астанада құрылыс жұмыстары кезінде бір жұмысшы электр тоғына ұрынды
АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - Астанада өндірісте бір жұмыскер электр тоғына ұрынып, жарақаттанды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Бейсенбі, 26 қаңтар күні Астанада 211-ші өнеркәсіп аймағында «Қазақстан геотехникалық қызмет көрсету» ЖШС-нің құрылыс жұмыстары өндірісінде «KGS» ЖШС операторының 26 жасар көмекшісін электр тоғы соғып, жарақаттанды. Ол жедел ауруханаға жеткізілді.