Астанада құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында монолитшілер бригадасы зардап шекті

АСТАНА. Шілденің 19-ы. ҚазАқпарат - Астанадағы Жұмабаев және 12-ші магистраль көшелерінің қиылысында салынып жатқан «Тұрсын Астана» тұрғын үй кешенінде темір құрастырмалары құлап түсті,

Астанада құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында монолитшілер бригадасы зардап шекті

деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Төтенше жағдай құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында орын алған, соның нәтижесінде «Алтын XXI» ЖШС-нің монолитшілері зардап шегіп, 30 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмса, 24 және 30 жастағы тағы екі жұмысшы жедел ауруханаға жеткізілді.