Астанада құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында жұмысшы лифт шахтасына құлап кетіп, мерт болды

АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - Астанада құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында жұмысшы лифт шахтасына құлап кетіп, мерт болды.

Астанада құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында жұмысшы лифт шахтасына құлап кетіп, мерт болды

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, оқиға 17 қараша күні түскі сағат бір шамасында Қонаев көшесінде жаңадан бой көтеріп жатқан «Изумрудный квартал» тұрғын үй кешенінде орын алды.

«Базис-Б» ЖШС-ның 35 жастағы жұмысшысы тілге келместен оқиға орнында жан тәсілім етті.