Астанада құрылысшы 16-қабаттан құлап, мерт болды

АСТАНА. 1 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астанадағы жаңа құрылыс нысанында 35 жастағы жұмысшы 16-қабаттан құлап, мерт болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Астанада құрылысшы 16-қабаттан құлап, мерт болды

«Астана қаласының Алматы ауданында Мирзоян көшесі, 23 үйде «Стройкласс БС» ЖШС нысанының құрылыс жұмыстары кезінде 35 жастағы жұмысшы 16-қабаттан құлап, оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.