Астанада құрылысшы лифт шахтасына құлап, мерт болды - ТЖМ

АНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Астанада құрылысшы лифт шахтасына құлап кетіп, мерт болды.

Астанада құрылысшы лифт шахтасына құлап, мерт болды - ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, оқиға 4 қараша күні түс ауа Сарыарқа ауданындағы Көктал-2 кентінде жаңадан бой көтеріп жатқан «Көктал» тұрғын үй кешенінде болды.

Алты қабат биіктіктен құлаған «Нұр диалог» ЖШС-ның 45 жастағы жұмысшысы тілге келместен оқиға орында көз жұмды.