11:40, 28 Қараша 2011 | GMT +5
Астанада құрылыста екі жұмысшы мерт болды, оның біреуі - Түркия азаматы
ТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Астана құрылыстарында екі жұмысшы мерт болды, оның біреуі - Түркия азаматы, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Жексенбі күні, 27 қарашада Астанада мешіт құрылысын жүргізуде 20 метр биіктіктен құлап, «Демка» ЖШС монтаждаушысы, 40 жастағы Түркия азаматы оқиға орнында көз жұмды.
Сол күні Астанада телерадиокешені ғимаратының құрылыс жұмыстарында 10-қабаттан құлаған «Аден-металл» ЖШС 27 жастағы жұмысшысы оқиға орнында қазаға ұшырады.
27 қарашада осы ұйымның жұмысшысы 10-қабаттан 5-қабатқа құлады, 20 жастағы ер адам жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Қарағандыда жексенбі күні кремний өндіретін зауытта - «Силициум Қазақстан» ЖШС-де кремнийді пештен алып жатқанда металл аралас газ шығып, күйік салдарынан 35 жастағы электр-термикалық пеш жұмысшысы ауруханаға жеткізілді.