Астанада күш құрылымдарының мамандарын дайындайтын ұлттық оқу орнын салу ұсынылды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақанов Астанада күш құрылымдарының мамандарын дайындайтын ұлттық оқу орнын салу ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Астана қаласында Орталық Азия өңіріндегі жалғыз жаңа авиациялық базаның инфрақұрылымын салу жұмыстары аяқталып келеді. Президент мырза, бүгінде әскери бөлімдердегі қолбасшылардың негізгі сапы Ұлттық ұлан академиясының тәуелсіздік таңы атқан тұстағы түлектерінен құралған. Былтыр оқу орны өзінің 25 жылдығын атап өтті. Республикамыздың бас қаласы Астанада қоғамдық тәртіп саласындағы бүкіл уәкілетті органдарға кәсіби және ғылыми мамандарды оқытып, даярлайтын жаңа ұлттық жоғары оқу орнын құру қажеттігі туындап отыр деп есептейміз», - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Бүкілармиялық кеңестің отырысында.
Айта кетейік, Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен Бүкілармиялық кеңестің отырысы өтті.
Бұған дейін Қорғаныс министрлігіне қарасты оқу орындары педагогтерінің жалақысы өсетіні белгілі болған еді.