08:12, 15 Қараша 2011 | GMT +5
Астанада құтқарушылар көпқабатты тұрғын үйден «жарылғыш зат» іздеді - ҚР ТЖМ
ТАНА. 15 қараша. ҚазАҚпарат - Астана қаласында жарылғыш зат туралы хабарға байланысты көпқабатты тұрғын үйден 25 адам қауіпсіз жерге шығарылды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, 14 қараша күні сағат 20.02-де, «102» телефонына Көктал-1 тұрғын алабындағы төрт қабатты тұрғын үйдің кіреберісінде күмәнді 2 сөмкенің жатқандығы туралы хабарланды.
Төтенше жағдай орнына шұғыл әрекет ету қызметтері, соның ішінде ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД-ның 11 адамы мен 2 техникасы, «ҚР ТЖМ Орталық өңірлік Аэромобильді жедел-құтқару жасағы» ММ-нің 5 адамы мен 1 техникасы, «ҚР ТЖМ Апат медицина орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы дереу жетті.
Жүргізілген арнайы іс-шаралардың барысында қауіпті зат табылмады. Тұрғын үйден 25 адам қауіпсіз аумаққа шығарылды.