Астанада күйдіргі дертін жұқтыру фактісі тіркелді

жол апаты
Фото: Pexels

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Астанада күйдіргі (сібір жарасын) жұқтыру фактісі тіркелген, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

«2023 жылдың 10 қарашасындағы жағдай бойынша, елімізде күйдіргі жұқтырудың 38 жағдайы тіркелген. Жамбыл облысында – 19, Ақмола облысында – 15, Қарағанды облысында – 3, Астанада – 1 сырттан әкелінген, симптомсыз жағдай», - делінген министрліктің редакция сауалына жолдаған жауабында.

Оның ішінде Қарағанды облысындағы бір жағдай кісі өлімімен аяқталған.

Ведомство мәліметінде күдіргіні жұқтырудың соңғы деректері 24 қарашада Қарағанды облысында тіркелген. Ауру тараған ошақпен 31 адам байланыста болған. Қазір олардың бәріне бекітілген медициналық бақылау мерзімі аяқталған. Яғни, байланыста болған адамдардан сібір жарасының белгілері анықталмаған.

Қарағанды облысы Топар кентінің әкімі 8 қараша күні карантин режимін алып тастау туралы шешім қабылдаған болатын. Сібір жарасының бұл өңірден басқа өңірлерге тарау фактісі тіркелмеген.

Соңғы жаңалықтар
telegram