09:11, 27 Наурыз 2013 | GMT +5
Астанада күйік шалған слесарь ауруханаға жеткізілді
АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Астана қаласының Сарыарқа ауданында кеше сағат 17.25-те жөндеу-локомотив депосында электрмонтаждау жұмыстарын атқару кезінде 34 жастағы слесарь күйік алып, ауруханаға жеткізілді.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.