Астанада «Күзгі тарту» көрмесі ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 қыркүйекте елордада «Күзгі тарту» көрмесі ашылады.
Конгресс-холлда өтетін шара 17 қыркүйекке дейін жалғасып, күн сайын сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс жасайды.
Конгресс-холл әкімшілігінің хабарлауынша, биыл көрмеде көпшілік назарына Ресейден әкелінген зергерлік бұйымдар, аксессуарлар, елімізде және шетелде шығарылған киім-кешектер, оңтүстіккореялық және үнділік сәнді косметика, кітаптар, аң аулау мен балық аулауға арналған жабдықтар, шәй мен балдың көптеген түрлері және т.б. ұсынылады, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында.