Астанада Қырғыз елшілігіне «жарылғыш зат қойған» телефон лаңкесі қамауға алынды
Бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінен мәлім етті.
Естеріңізге сала кетейік, 8 шілде күні сағат 18:00 шамасында «Есіл» аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне белгісіз біреу қоңырау шалып, Қырғыз Республикасының елшілігіне лаңкестік әрекет жасалатындығы туралы хабарлады.
Оқиға орнына жедел түрде арнайы жасақ жіберіліп, ғимараттан 5 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Абырой болғанда, тексеру кезінде жарылғыш зат анықталмады. Жедел-іздестіру шаралары барысында бірнеше сағаттан кейін тәртіп сақшылары Астана қаласының 34 жастағы тұрғынын ұстады.
Ал күдікті лаңкестік оқиғаның ұйымдастырылып жатқандығы туралы қоңырау шалғанда мас күйінде болғанын айтып, ақталды. Қазір бұл фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 242-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ұсталған азамат ІІД-нің тергеу абақтысында.