Астанада қыркүйектің 10-на дейін жол қауіпсіздігі үшін полиция патрулі мектептерге жақын орналастырылады (ФОТО)

Елорда мектептерінде ұйымдастырылған жедел-профилактикалық шаралар аясында ІІД ӘПБ қызметкерлері жол жүру ережесінің қауіпсіздігі, балалар зардап шегіп жататын жол апаттары туралы ескертті. Әсіресе, бірінші сынып оқушылары жіті бақылауды талап етеді. Жол ережелерін сақтау бойынша біріңғай ашық сабақ өткізу кезінде жол полициясы қызметкерлері оқушыларға жол ережесі, көлік түрлері, жол белгілері туралы кеңінен баяндады. Бірінші сынып оқушыларына арналған арнайы дәрістер кезінде әкімшілік полиция өкілдері балаларға үйден мектепке дейін жету кезіндегі қауіпсіздік шараларын қалай сақтау керектігін түсіндірді. Акцияның басты мақсаты - балалар травматизміне жол бермеу, төменгі сынып оқушыларына жол қауіпсіздігі туралы ескерту болып табылады. Бұдан бөлек, қыркүйектің 1-10 аралығында оқушылардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция бекеттері мен патруль маршруттары мектептерге мейлінше жақын орналастырылады.