Астанада қыс басталғалы 3,4 млн текше метрден астам қар шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада коммуналдық қызметтер қыс мезгілі басталғалы күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істеп келеді. Күн сайын қар күреу жұмысына 2 мыңға жуық жұмысшы жұмылдырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Астана әкімдігінің ресми сайтында мәлім етілгендей, ақпанның 22-сінен 23-іне қараған түні ғана қаладан 17,5 мың текше метр немесе 1 358 рейс қар шығарылды.

Бейсенбі күні таңертең қар күреуге 2 мыңнан астам жұмысшы мен 1 мыңға жуық арнайы техника жол бойына тартылды.

«Қыс мезгілінің басынан қар полигондарына 3,4 млн текше метрден астам қар шығарылды, бұл 276 988 рейске тең.

Ауа райының құбылмалылығына және температураның өзгеруіне байланысты көшеде көктайғақ болады. Қала тұрғындары мен қонақтары көктайғақ кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтап, абай болуы керек. Азаматтардың емін-еркін жүруі үшін жолдарға, тротуарларға, көшелерге құм-тұз қоспасы шашылады», - делінген әкімдік мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар