Астанада қысқы спорт түрлері бойынша биыл 20-дан астам іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл жоспар бойынша елордада 23 қысқы спорттық іс-шаралар өткізіледі, деп хабарланған Астана қаласы әкмідгінің ресми сайтында.

Астана қаласының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, қысқы маусым басталғалы елордада 12 іс-шара өткізілді. Қала тұрғындары мен қонақтары «Көңілді старт», коньки тебу және шаңғы жарыстарына қатысты. 13 ашық мұз айдыны жасалды. Олар «Ақбұлақ» өзенінде, «Жерұйық» паркінде, Есіл өзенінде, сондай-ақ 10 мектептің жанында орналасқан. Астана қаласы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, қысқы шараларға қатысушылар мен келушілер саны 4 500-ден асады. Биыл жоспар бойынша елордада 23 қысқы іс-шара өткізіледі. Оған ЖОО студенттері, мемлекеттік қызметкерлер, мектеп оқушылары, қала тұрғындары мен қонақтары қатысады. Іс-шаралар бойынша ақпарат astana.kz сайтында алдын ала жарияланатын болады. «Біз жоспарлаған іс-шаралар толық өткізіледі. Ақпан айының соңында «Бұрқасын» іс-шарасы ұйымдастырылады. Бұл спорт мектептері, жалпы білім беру мектептерінің әуесқойлары, колледждер мен университеттердің студенттері қатысатын шаңғы спортына арналған фестиваль. Өте маңызды шара», - дейді Астана қаласы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Самат Қабдулин. Шаңғы спортынан жарыстар шаңғыроллерлік трассада, «Көңілді старттар» және конькимен жүгіруден жарыстар Ақбұлақ, Есіл өзендерінде, сондай-ақ «Жерұйық» паркінде өткізіледі. Дәстүр бойынша жаппай коньки тебу шаралары «Алау» мұз сарайында ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар
telegram