Астанада қысқы сырғанау маусымы басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада мұз айдындар мен қысқы сырғанау орындары ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Астанада қысқы сырғанау маусымы басталды

Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қаладағы барлық ашық мұз айдынындарда коньки мен шананы жалға беру бағасы сағатына 500 теңге болады. «Қыста, таза ауадағы демалысты қолжетімді ету үшін конькилер мен шаналарды жалға беру бағасы да сағатына 500 теңге болып бекітілді. Мұз айдындарының аумағында дәмхана мен медициналық пункт жұмыс істейді»,-деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

null

Ал, «Ақбұлақ» өзенінің үстіне салынған мұз айдынның ашылуында «Алматы» ауданы әкімінің аппараты, Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен спорттық шараларды ұйымдастыру дирекциясы дискотека мен хоккей жарысын ұйымдастырды.

null

Айта кетейік, бүгін Астанада «Арай» саябағы маңында да аумағы 5 мың шаршы метрді құрайтын  мұз айдыны ашылды. «Есіл» ауданы әкімдігінің аппараты мұз айдынды жарық беріп тұратын иллюминациялық қондырғымен жабдықтаған және онда қалың көпшіліктің көңіл-күйін әсем де сазды әуен сүйемелдеп  тұрады. 

null

«Сарыарқа» ауданына қарасты тағы төрт мұзайдын алдағы күндері ашылады деп күтілуде. Атап айтсақ, «Сарыарқа» ауданының әкімдігі қалалық әкімдік алдындағы алаңда, Қосшығұлұлы көшесінде («Солтүстік» сауда орталығына қарама-қарсы), «Көктал» тұрғын үй алқабындағы «Наз» театрының алдында, «Өндіріс» тұрғын үй алқабындағы 49 мектеп алдында мұз айдынын ашуға дайындалып жатыр.

null  

Хоккей ойнаймын деген оқушылар үшін «Астана» спорт кешенінің жанынан жаңа хоккей корты ашылмақ.

null null null null null null null null