Астанада қыз бала көпқабатты үйдің терезесінен тұрмыстық техникалар лақтырған

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада 25 жастағы қыз көпқабатты үйдің терезесінен тұрмыстық техникалар лақтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанада қыз бала көпқабатты үйдің терезесінен тұрмыстық техникалар лақтырған

«3 шілдеде «102» арнасына тұрғын үйдің жоғары қабаттағыы терезінен тұрмыстық техникалар лақтырылып, мейрамхана мүлкі зақымдалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған факті бойынша 25 жастағы қыз анықталды. Ол тексеруден кейін қалалық психологиялық денсаулық орталығының жедел жәрдем бригадасына табысталды. Медициналық тексеруден кейін құқықтық баға берілетін болады», - деп атап өтті Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.