Астанада қыз баланы автобус қағып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жаяу жүргіншілерге арналған өткелден жолды кесіп өтіп бара жатқан қызды автобус қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада қыз баланы автобус қағып кетті

«Таңғы 08:20 шамасында Ш. Айтматов көшесінде болған жол апатын полиция тексеріп жатыр. №61 бағдардағы автобус жаяужолдағы жүргіншіні басып кеткен. Жарақат алған қыз ауруханаға жеткізілді», - деп мәлімдеді баспасөз қызметінің өкілдері.

Еске сала кетейік, 20 желтоқсан күні Астанада №54 автобус жаяужолдан өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен болатын. Ол жүргізуші қазір жұмысынан қуылды.

Автор: Азамат Сыздықбаев