Астанада қыз бен оның екі жасар інісі іздестірілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 шілдеде Астанада шамамен таңғы сағат 10-да кәмелетке толмаған екі бала - 14 жастағы Жансая Әбілхайыр мен екі жасар Нұрәлі Асқар үйден кетіп, оралмады.
None
None

Астана қ. ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, 7 шілдеде сағат 3.00-дің шамасанда Астана қаласының тұрғыны балаларының жоғалғаны туралы айтып полицияға жүгінді.

Аталған факт бойынша кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оларды іздеу шараларына Астана қ., Алматы қ, облыстардың ІІД, көліктегі ІІД пен қоғамдастық тартылды.

«Тексеру кезінде қыз үйден 40 мың теңгеге жуық ақша алып хат жазып кеткен. Елордалық полиция балалардың қай жерде екенін анықтап жатыр», - делінген хабарламада.

Қыз қара түсті күртке-плащевка, бұршақ суретті қара көйлек, капрон колготки мен қоңыр түсті кроссовки киген.  Бала сұр түсті мойны жабық күрте, көк түсті шолақ шалбар, аяғына көк түсті сандали киген.  

 Белгілі бір ақпаратты білетіндерге Астана қ., Бейбітшілік 19 мекен-жайы бойынша немесе  код (87172) 71-60-22, 71-65-53, 71-60-10, 71-65-29,    8-775-352-39-65 телефондарына хабарласуына болады.

Соңғы жаңалықтар